Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 164 адам стационарда жатыр

22 June 2021 04:00

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде бір тәулікте 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Эпидемиологтың айтуынша, өткен аптада өсім байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір тәулікте өңірде 19 жағдай тіркелді. Оның 13-і симптомды. Ауырып, ем іздегендер Ақтөбе қаласы мен Қобда ауданының тұрғындары.

«Бүгінге дейін облыста 11681 жағдай тіркелсе, оның 96 пайызы жазылып шықты. Қазіргі таңда үй карантиніне 1124 адам бар. Маусым айының 7-13 күндері аралығында 114 жағдай тіркелсе, 14-20 күндері 131 жағдай анықталды. Демек өсім бар. Сондықтан сақтықты ұмытпаған жөн»,- деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
Өңірде мониторингтік топтар бақылауды жалғастырды. Мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес 434 айыппшұл салынды. Айыппұл көлемі 54 млн теңгеден асты. Әлі де той мен отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.
«Қазір инфекциялық стационарларда 164 адам ем алып жатыр. Оның 121-і қалада. Барлығы 12 науқас жансақтау бөлімінде болса, біреуі жасанды желдету аппаратына қосылған»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Up