Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде қоқыс полигонынан өрт шығып, қаланы түтін басты

9 May 2021 21:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде ірі қоқыс полигонынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбедегі қоқыс полигоны бүгін түсте өртенді.

Аумағы 600 шаршы метрді құрап отыр.

Жанып жатқан алаңның жан-жағына құм сеуіп, қоршалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызыл жалынды ауыздықтауға 2 техника мен 12 адам жұмылдырылды.

Сонымен бірге қоқыс жинайтын мердігер мекемеден 10 техника мен 18 жұмысшы өртті сөнудіруге жіберілді.

Еске, сала кетейік, біз бұған дейін Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, 78 жастағы қария қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз жанған. Оқиға орнына 6 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды.







Up