Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде қоқыс полигоны жанып, қаланы көк түтін басты

16 July 2021 01:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қоқыс полигоны жанып, сөндіру жұмысына төтенше жағдайлар қызметкерлері мен полигон жұмысшылары тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

15 шілде күні сағат 10:40-та полигонның жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінен 23 адам және 7 техника жіберілді. Сонымен бірге полигонға иелік ететін серіктестіктің 5 жұмысшысы мен 7 техника жұмылдырылды.
«Өрт сағат 18:40-та тоқтатылып, сағат 22:30-да толық сөндірілді. Аумағы 700 шаршы метрді құрап отыр. Дәл осы кезде желдің бағыты өзгеріп, қаланың бірнеше ауданын түтін басты. Облыстық ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын аса сақ болуға, терезелерді жауып қоюға шақырды» деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ақтөбеліктердің көбі бүгін кешкілік үйден шықпай отыр. Қаланың негізгі бөлігін түтін басып, тұрғындар өз наразылығын әлеуметтік желі арқылы білдіріп жатыр.

Up