Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады

26 October 2021 15:10

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Екі күн бойы Ақтөбе қаласын қоқыс полигонынан шыққан түтін басып, экологтар ауаға азот диоксидінің көтерілгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілдшісі.

Ақтөбеде 24 қазан күні қоқыс полигоны өртеніп, ол 25 қазанда таңертең сөндірілген болатын. Аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Салдарынан қала ішін түтін басып, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті сақтауға және аса қажет болмаса далаға шықпауға шақырған еді.

Экологтар ауаның ластануын тексерді.

«24 қазан күні хабарлама келді. 24-25 қазанда инспекторлар қоқыс полигонына барып, жұмыс істеді. Көмірсуректің көтерілгені анықталмады. Дегенмен сол аумақта азот диоксиді көтерілген. Ал Ақтөбе қаласына көмірсутек пен азот диоксидінің таралуы тіркелген жоқ», - деді Ақтөбе облысы бойынша бас экология инспекторы Талап Уснадин.

Айта кетейік, мораторийге байланысты кәсіпорынды тексеруге мүмкіндік жоқ. Себебі тұрғындардан ешқандай арыз-шағым түспеген.

«Облыстық Экология департаментіне арыз түспеген соң, біз дәл қазір тексеру жұмыстарын жүргізе алмаймыз. Бірақ облыстық ТЖД-нің тексеру жұмыстарының нәтижесін күтіп отырмыз. Олардың қорытындысы шыққан соң қандай шешім қабылдайтынымыз белгілі болады. Заң бойынша олар ауаны ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Талап Уснадин.


Up