Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде биыл 53 мың жұмыссызды еңбекке араластыру міндеттелді

26 October 2021 22:58

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 53 мың жұмыссызды және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғанды еңбекке араластыру керек. Жоспардың 87% орындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдардамалар басқармасының басшысы Асланбек​ Шүйіншәлиев халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі «Еңбек» бағдарламасының жүзеге асырылуы оң нәтиже беріп жатқанын айтты.

9 айдың қорытындысы бойынша 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 15,6 мыңнан астамы тұрақты.

«Биыл 53​ 477 жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарды еңбекке араластыру жоспарданды. Жоспар 87% орындалып, 46​ 558 адам қамтылды. Атап айтқанда 2 мыңнан аса адам техникалық және кәсіби, соның ішінде қысқа мерзімді оқуға жіберілді. «Бизнес бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздерін 1498 адам оқып, тағы 1255 адам бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы ​ 695,4 млн теңгеге қайтарымсыз грант алды»,- деді Асланбек ​ Шүйіншәлиев.

Жиын соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Соның ішінде аудан, ауылда тұрақты жұмыс орындарын ашу міндеттелді.


Up