Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде адвокаттардың тергеу изоляторына кедергісіз кіруі талқыланды

22 September 2021 01:48

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Адвокаттар өз қорғауындағы күдікті және айыпталушылармен кездесуінің кедергісіз болғанын қалайды. Екі тарап бірігіп, ортақ шешім іздеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департаментіне бағынысты КА-168/1 мекемесінде ҚАЖ департаментінің басшылығы, облыстық прокуратураның өкілдері және өңірдегі қоғамдық бақылау комиссиясының төрағасы, сондай - ақ тергеу изоляторының тергеу-қамауындағы күдіктілер мен айыпталушылардың адвокаттарынан құралған мониторинг тобы көшпелі кездесу ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат - адвокаттардың қорғауындағы күдікті және айыпталушыларымен кедергісіз кездесуін ұйымдастыру. Мониторинг тобы көшпелі кездесуде адвокаттардың ҚАЖ мекемелерімен өзара іс-қимылы, тергеу- қамауына алынған және сотталғандардың құқықтық көмек алуына қатысты сұрақтарды талқылады. Сондай-ақ олардың конституциялық құқықтарын сақтау маңыздылығы жөніндегі мәселелерді қарастырды.

Адвокаттардың қорғауындағы азаматтармен кездесуін ұйымдастыру барысында туындауы мүмкін проблемалық сұрақтарды талқылап, оны шешуге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданды.
Қазірде Ақтөбедегі КА-168/1 тергеу изоляторында адвокаттардың қорғауындағы азаматтармен кездесуі үшін арнайы бөлмелер қарастырылған. Бұдан басқа, мекемеде онлайн режимде заңгер көмегіне жүгінуге мүмкіндік бар.

Up