Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбе облысында ауруханадан қашқан қылмыскер қолға түсті

24 January 2022 15:37

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында кісі өлтірді деп айып тағылған күдікті ауруханадан қашып кетті. Ол бір күннен соң ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қаңтар күні болды. Жедел медициналық жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделіп жатқан А. жексенбі күні таңертең қамаудан қашып кетті. Бірден іздеу жүргізілді.

«Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚР ҚК «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бабы бойынша). Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», - деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ал бүгін облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын растады.


Up