Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбе облысында 400-ден астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

30 November 2021 01:40

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 419 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 222-і жасөспірім, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте тағы 14 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның көбі вирустың симптомды түріне шалдыққан. Бұл туралы Өңірдік коммуникациялар қызметінде айтылды.

«Қазіргі кезде облыстық инфекциялық стационарларда 135 науқас бар. Оның 95-і Ақтөбе қаласында. Науқастардың 20-ы жансақтау бөлімінде болса, оның екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Вирус жұқтырған 16 баланың барлығы дәрігерлер бақылауында, ауруханаға жатқызылғандары жоқ. Ал екі жүкті әйел ауруханада жатыр», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.

Айта кетейік, облысқа коронавирусқа қарсы барлығы 894 мың доза вакцина жеткізілді. Қазір 353 мыңға жуық адам - бірінші, ал 327 мыңнан астам адам екінші компонентін қабылдады. Сонымен бірге 356 адам ревакцинациядан өтті.

«Облыста 419 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 222-і жасөспірім, 176-ы бала емізетін әйел. Өзгесі - жүкті әйелдер. Вакцина салдырғандар арасында денсаулыққа кері әсерін тигізген жағдай тіркелмеді. Бәрінің жағдайы жақсы. Бұл вакцина облыстың барлық ауданына жеткізілді», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Up