Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтаудың алғашқы «шамшырағы» қайта жанды

16 June 2021 09:50

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес және 25425 әскери бөлімшесі басшылығының қолдауымен қаладағы алғашқы «Меловой» маягінің шамы қайта жанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл маяк - әлемдегі тұрғын үйлердің үстінде орналасқан санаулы шамшырақтың бірі.

Теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте, ал, тұрғын үйдің 11 қабатында орналасқан мұнараның жалпы биіктігі 10 метр.

1974 жылы орналасқан маяк 2011 жылы істен шығып, орнына уақытша заманауи жарық беретін құрылғы қосылған.

Бүгінде теңіздегі кемелердің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ақтаудың бойтұмарына айналған нысан ел азаматтарының араласуымен қайта жарқырады.




Шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде ашылып, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 дана отшашу атылды.

Шамдарды «АЭЖБ» МКК мамандары іске қосып, әрі қарай үздіксіз тұрақты жанып тұруын қадағалау және төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 24 сағат әскери қызметкердің бақылауында болады.

Осылайша, түнде теңізшілерге 50 жылға жуық тарихы бар шамшырақ әскери теңізшілердің бақылауымен үзіліссіз бағыт көрсетпек.








Up