Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтау іргесіндегі қою қара түтін қала тұрғындарын алаңдатты

18 September 2021 13:00

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау іргесіндегі қою қара түтін тұрғындарды алаңдатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін таңертең Ақтау қаласының маңындағы №4 Өнеркәсіптік аймақтың №20 учаскесінде болған.

Өрт сөндірушілер ашық аумақта автокөлік шиналарының жанып жатқанын анықтады.

Өрттің аумағы - 200 шаршы метр.

Өртті сөндіруге үш техника мен жеке құрамнан 13 адам жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Боранқұл кен орнындағы жатақханадан шыққан өрттен екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Оқыс оқиға Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнындағы екі қабатты жатақханада болған.





Up