Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

АҚШ: Техаста 18 жастағы жігіт мектепте 14 оқушы мен бір мұғалімді атып өлтірді

25 May 2022 03:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Техас штатындағы Ювалд қаласында бастауыш мектепте атыс болып, 14 оқушы мен бір мұғалім оққа ұшты. Бұл туралы штат губернаторы Грег Эбботтқа сілтемемен CBS телекомпаниясы хабарлады.

Губернатордың мәліметінше, оқ атқан 18 жастағы жергілікті тұрғын — Сальвадор Ромас. Күдікті оқиға орнына келген тәртіп сақшыларымен атыс кезінде қаза болды.
«Ол 14 оқушыны жер жастандырды, тағы бір мұғалімді өлтірді» деп мәлімдеді Грег Эбботт.

Жергілікті БАҚ келтірген дерекке сай, атыс Техас уақыты бойынша 12:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 23:00) басталған. Арада бір сағат өткен соң полиция атыс шығарған қаскөйдің көзін жойғанын мәлімдеген.

Бұған дейін ABC телеарнасы дәрігерлердің арасындағы дереккөзге сілтеме жасай отырып, жараланған 13 оқушыға медициналық көмек көрсетіліп жатқанын, оның екеуі Сан-Антонио қаласындағы ауруханаға жөнелтілгенін хабарлаған. Одан бөлек, 45 жастағы тағы бір ересек адамға оқ тиіп, жараланғанын жариялады.
Сальвадор Ромас не себепті мұндай қылмысқа барғаны әзірше белгісіз.


Перевод Ербол Жанат
Keywords: Әлем, Оқиға,
Up