Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында жыл басынан бері КВИ-дан 27 бала жазылды

29 January 2022 01:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында коронавирус инфекциясымен ауыратын балалардың саны артып келеді.

Қазірдің өзінде 27 бала жазылып шықты, сондай-ақ инфекциялық стационарда қосымша бес төсек-орын орналастырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Серікжан Сабыралиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігердің айтуынша, 2020 жылдың сәуір айынан бастап көпбейінді облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесі базасында балаларға арналған 15 төсектік инфекциялық стационар ашылды.

«Аурудың көбеюіне байланысты жұқпалы аурулар стационарында қосымша 5 төсек орын орналастырылып, 2 бекет ашылды. 2022 жылдың басынан бастап балалардың инфекциялық стационарға жатқызылуы көбейді. Жыл басынан бері ауданнан да, қала тұрғындарынан да 27 бала ем қабылдады. Қазіргі уақытта түсіп жатқан балалар бар», - деді Серікжан Сабыралиев.




Ол атап өткендей, 2021 жылы облыстық көпсалалы балалар ауруханасында КВИ бар 287 бала емделді.

«2022 жылы науқас және ауырып жазылған балаларда өкпенің зақымдану клиникасы және өткен жылғыдай қандай да бір асқынулар анықталған жоқ. КВИ асқынуы мультиинфляциялық синдромы – кавасаки синдромы бар 7 балада болды. Негізінен 5 жасқа дейінгі және фондық патологиясы бар балалар ауырады. Жасөспірімдер ауырып түскен жоқ», - деп толықтырды Серікжан Сабыралиев.

Бас дәрігердің сөзінше, вакцинация бойынша үнемі белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Медицина қызметкерлері өз балаларын егіп, ата-аналарға балаларын вакцинациялау қажеттілігі туралы түсіндіруде.

«Осыған байланысты ата – аналарды тәжірибелі мамандардың сөзіне құлақ асып, дұрыс таңдау жасауға шақырамын», - деп түйіндеді Серікжан Сабыралиев.


Up