Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында өңдеуші өнеркәсіпке салынатын инвестиция деңгейі қандай

18 June 2021 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл соңына дейін Ақмола облысында 150 млрд теңгеден астам инвестицияға 23 жоба іске қосылады. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар өсімінің қарқыны сақталып отыр. Биылғы 5 айда 17 млрд-тан астам теңге инвестицияланды. Бұл тұрғыда өткен жылғы деңгейге қарағанда бір жарым есе өсім болды. Инвесторлар жыл соңына дейін 150 млрд теңгеден астам инвестицияға 23 жобаны іске қосады деп жоспарланып отыр. Оның жартысы азық-түлік өнеркәсібі жобалары», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, осының арасындағы ең ірі жобалардың бірі – ол «Ақ Дала Агроның» жылына 6 мың тонна қуаты бар құс фабрикасының құрылысы. Алдағы уақытта өнім шығару қуаты 15 мың тоннаға жеткізілмек. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы машина құрылысында маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«Құрылыс индустриясы да табысты дамып келеді. Кірпіш өндірісінің көлемі 10 еседен астам деңгейде өсті (2010 жылдан бері). Зеренді ауданында тағы бір кірпіш зауыты ашылады, онда жылына 22 млн кірпіш шығарылады. Сонымен қатар, Аршалы ауданында ірі кірпіш зауытының құрылысы басталды. Оның қуаты жылына 120 млн кірпіш болады. Зауыт алдағы жылы іске қосылады. Осы жобалар екі жыл ішінде өңірдегі құрылыс кірпішіне деген сұранысты толық жабады», - деді әкім.


Up