Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында 7 қоқыс полигоны салынады

18 June 2021 15:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қатты тұрмыстық қалдықтардың 7 жаңа полигоны салынады. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев өңір елді мекендерін газбан қамтамасыз етуге қатысты айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Экологиялық ахуалға байланысты жағдай барынша өзекті болып қалуда. Облыста шешім талап ететін бірқатар экологиялық мәселелер бар екені өздеріңізге белгілі. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, облыс әкімдігі салалық министрліктермен бірлесіп, өңірдің экологиялық мәселесін 2024 жылға дейін кешенді шешудің жол картасын әзірлеп бекітті», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, бұл құжатта атмосфераға зиянды шығарылатын заттарды тазалау және төмендету бойынша қазіргі заманғы технологияларды енгізу, газификациялау, қатты-тұрмыстық қалдықтардың 7 жаңа полигонын салу, Щучинск-Бурабай курорттық аймағының көлдерін тазалау, 5 электрстанция салу және тағы басқа да жобалар қарастырылды.

Осы орайда қатты-тұрмыстық қалдықтардың жеті жаңа полигоны Щучинск, Ақкөл қалаларында, Қорғалжын мен Аршалыда, Қосшыда, Коянды мен Зерендіде орналасады.

Сонымен қатар Көкшетау қаласында қоқысты сұрыптаумен тұрмыстық қалдықтардың жаңа полигонын салу бойынша жаңа жоба әзірленді.

Қазіргі кезде оны рәсімдеу жұмысы атқарылып жатыр.


Up