Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

6 қалада ауа сапасы нашарлайды

4 December 2021 02:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанда еліміз қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, сенбі күні ауа сапасы Алматы, Нұр-Cұлтан, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды және Теміртау қалаларынданашарлайды.

Өзге шаһарларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Up