Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

30 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

29 November 2021 21:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 30 қараша күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және өңдеу өнеркәсібін дамыту тақырыбы қаралады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының № 2 арнайы мектебінде автономды дезинфекция және қауіпсіздікті бақылау жүйесі ресми түрде іске қосылады.

11.00-де қалалық оқушылар сарайының алдында Әбу Насыр әл-Фараби ескерткіші ашылады.

Ескерткішті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ашады.

11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК «Ұлы даланың жазба мұралары» тақырыбында жылжымалы тақырыптық көрмесін ұйымдастырады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркем галереясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұржан Қарымсақовтың «Ұлы Даланың ұлы» атты жеке көрмесі ашылады.

14.30-да Astana Marriot Hotel қонақ үйінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен жұмыс берушілердің форумы өтеді.

Форумда Қазақстанның ірі жұмыс берушілері сөз сөйлеп, өз тәжірибелерін айтады.

Белгілі отандық және халықаралық ұйымдардың өкілдері соңғы трендтер мен еңбек нарығын дамыту перспективаларын талқылайды.

16.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақ ұлттық өнер университетінің Көркемөнер факультетінің ұйымдастыруымен елорда жұртшылығы мен қонақтарына арналған «Елімнің ертеңі – өнерімнің өркені» атты жас суретшілердің көрмесі өтеді.


Up