Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жылу беру тоқтатылады

28 April 2021 16:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі биылғы жылу маусымы қашан аяқталатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы плюс 10°С және одан жоғары болуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жылу беру маусымын 29 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады

Биылғы жылыту маусымы штаттық режимде, оқиғасыз өтті және 219 күнге созылды. Жылу желілері жұмысының температуралық режимі бекітілген кестеге сәйкес сақталды», - деп жазылған қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ресми мәліметте.


Up