Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

27 қаңтар. Туған күн иелері

27 January 2022 08:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 27 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




74 жыл бұрын (1948)«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары Төлеубек Нығметұлы ӘЛПИЕВ дүниеге келді.

Мәскеу консерваториясы жанындағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищесі (1964) мен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын скрипка сыныбы бойынша үздік бітірген (1977). Еңбек жолын 1970 жылы Фрунзе қаласында Қырғыз КСР Телевидение және Радиосы симфониялық оркестрінің әртісі болып бастады. 1977-1985 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясы симфониялық оркестрінің әртісі болды (Алматы). 1985-1988 жылдары – «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1988-1989 жылдары – Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармониясының директоры–көркемдік жетекшісі. 1989-1992 жылдары – Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Мәдениет істері жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары. 1992-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің орынбасары. 1995-2000 жылдары – ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитеті жанындағы Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясының бас директоры. 2000-2013 жылдары Қазақстанның жаңа астанасындағы опера-балет өнерінің дамуына негіз болған К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрын басқарды. 2013-2014 жылдары – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры директорының бірінші орынбасары. 2014 – 2016 жылдары – «Астана Опера» МОБТ директоры. 2016 жылғы 28 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Астана Опера» МОБТ директорының бірінші орынбасары. Марапаттары: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы (1998), «Құрмет» (2005) және «Парасат»» (2011) ордендері, «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты (2017), «Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі (2017), «Қазақ хандығының 550 жылдығы», «Астананың 20 жылдығы» медальдары бар. А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының қойылымы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018).




57 жыл бұрын (1965) Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ұлатайұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

1990 жылы - Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 2005-2009 жылдары - Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы. 2009-2014 жылдары Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық әскери сотының судьясы. 2014-2017 жылдары Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының төрағасы. 2017-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың ақпан айынан бастап.




57 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VIІ шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет жөніндегі комитет төрағасы Марат Әпсеметұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық жоғары мектебін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып бітірді. Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда қалалық атқару комитетінің аппаратында бөлім нұсқаушысы болып бастады. 1997 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде ақпараттандыру бөлімінде макроэкономикалық талдау және ақпарат секторының консультанты, одан кейін жинақтау талдамалық бөлімінің консультанты болды. 2000 жылдың тамызынан бастап Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің Әлеуметтік-экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары, директоры лауазымдарын атқарды. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің аппаратында 2002 жылдың желтоқсанынан бастап департамент директоры лауазымында қызмет істей бастады. 2006 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болып тағайындалды. 2010 жылдың наурызында Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі болып тағайындалды. 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасынан Еуразия экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр). «Еуразия даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары (2019-2021). Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Ерен еңбегi үшiн», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.




54 жыл бұрын (1968) Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары - Тыл бастығы Жандос Қастелбекұлы ОМАРҚҰЛОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. Кеңес Одағының маршалы И. Х. Баграмян атындағы Горьков жоғары әскери училищесін (1989); армия генералы А. В. Хрулев атындағы тыл және көлік әскери академиясын (2008) бітірген. Еңбек жолы: азық - түлік қызметінің офицерінен Тыл басқармасының бастығына дейін қызметтер атқарған (1989-2009); Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлер комитеті Тыл басқармасының бастығы-Тыл бастығының орынбасары (2009); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары (2009-2013); ҚР ІІМ Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары (2013-2014). Қазіргі қызметінде - 2014 жылдың мамыр айынан бастап.




38 жыл бұрын (1984) - медиаменеджер Думан Қайырлыұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «қоғаммен байланыс», М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика және БАҚ менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қызметкері, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі, жеке медиакомпанияларда басшылық қызметтерде жұмыс істеген. 2018-2019 жылдары «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы.


Keywords: Күнтізбе,
Up