Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

26 қазан. Туған күн иелері

26 October 2021 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 26 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




117 жыл бұрын (1904-1989) мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы ОҢДАСЫНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында туған. 1920-1926 жылдары Ташкенттегі қазақ мектеп-интернатында тәрбиеленіп, Түркістан орман техникумында оқыған. БК(б)П Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1926-1930 жылдары Қызылорда облыстық орман шаруашылығы орманшысының көмекшісі, су шаруашылығы бөлімінің статисті, Жамбылдағы Талас зерттеу партиясының кіші технигі, Шымкент облыстық су шаруашылығы бөлімінің технигі болған. 1931-1938 жылдары - Ташкент ирригация институтының бөлім меңгерушісі, кеңшар директорларын даярлайтын курс директорының орынбасары, Қазақ орман шаруашылығы тресі директорының орынбасары, директоры, Қазақ КСР Жер халкоматы басқармасының бастығы. 1938 жылы - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1938-1951 жылдары - Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы. 1954-1962 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары, төрағасы, Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы, Гурьев облыстық партия комитетінің 1-хатшысы. Ұлттық кадрлар дайындауға үлкен көңіл бөлген. 1946 жылы Қазақ КСР-нің Ғылым Академиясын құруға атсалысқан. 1962 жылдан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналысты. Араб-қазақ, парсы-қазақ түсініктеме сөздіктерінің авторы.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, үш мәрте Ленин орденімен марапатталған. Туған ауылына, ондағы орта мектеп пен көшелерге есімі берілген.




67 жыл бұрын (1954) Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат Ерғали Бөлегенұлы БӨЛЕГЕНОВ дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. Мәскеудегі П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетін, Қазақстан химия-технология институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 1986-1991 жылдары партияның басшылық қызметтерінде болған. 1992-1995 жылдары - Шымкент (Оңтүстік Қазақстан) облысы Абай ауданы әкімшілігінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаменті кеңесшісі, бөлім бастығы, басқарма бастығы. 2001-2005 жылдары - Украинадағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ТМД істері бойынша департаментінің директоры. 2008-2012 жылдары ҚР-ның Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД органдары Жарғылық органдар жанындағы ҚР-ның тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы (2012-2017).




60 жыл бұрын (1961) «Ракурс» экономикалық сараптау орталығының директоры, экономист Ораз Әлиұлы Жандосов дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 1986 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің экономикалық факультетін, Мәскеу Мемлекеттік Университетінің аспирантурасын бітірген. 1987 жылғы ақпаннан 2008 жылғы қазанға дейін ҚазКСР АН Экономика Институтының кіші ғылыми қызметкері, ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің консультанты, сосын ҚР Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық Кеңестің Экономикалық консультанттар Кеңесі басшысының орынбасары, ҚР Экономика министрінің бірінші орынбасары, Шетелдік инвестициялар бойынша Ұлттық агенттіктің төрағасы, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның Ұлттық Банкі Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Инвестиция бойынша мемлекеттік комиссиясының Төрағасы, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі, «KEGOC» ААҚ президенті («Электр желілерін басқару бойынша қазақстан компаниясы»), ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Қаржыгерлер ассоциациясы Кеңесінің Төрағасы, ҚР Президентінің экономикалық және қаржылық мәселелер бойынша көмекшісі, ҚР Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы секілді қызметтерді атқарған.

2008 жылдан бастап «Ракурс» экономикалық сараптау орталығының директоры.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2003).




57 жыл бұрын (1964) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитет мүшесі Еділ Құламқадырұлы МАМЫТБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысында туған. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген. 1991-1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушылық және әкімшілік қызмет атқарған. 1996-1998 жылдары - Үкімет Аппаратының, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкері. 1998-2007 жылдары -ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің бас эксперті, әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің бас эксперті, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, Президент Әкімшілігінің экономикалық саясат басқармасының бас инспекторы. 2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда вице-министрі. 2010 жылғы қазаннан ЕурАзЭҚ жанындағы Кеден одағы комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары. 2014-2015 жылдары Астана қаласы әкімі аппаратынің басшысы. 2015-2017 жылдары «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың маусым айынан бері.

Ғылыми басылымдардың, математика мен экономика мамандығы бойынша студенттерге арналған оқу құралдарының авторы. Физика-математика ғылымының кандидаты, доценті, Қазақстан Республикасы жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі. Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.




57 жыл бұрын (1964) Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы №2 сотының төрағасы, Жоғарғы сот кеңесі жанындағы кадрлық резерв жөніндегі комиссия мүшесі Сандуғаш Досанқызы БАЙБОСЫНОВА дүниеге келді.

Р. А. Руденко атындағы Свердлов заң институтын «құқықтану» мамандығы (1990) бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Семей қаласы Ленин аудандық прокуратурасында тағылымдамашы, прокурордың көмекшісі, прокурордың аға көмекшісі (1990-1994); Семей қаласы прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі (1994-2002); Семей қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2002-2004); Семей қалалық сотының судьясы (2004-2016); Бородулиха аудандық сотының төрағасы (2016-2021).

Қазіргі қызметінде - 2021 жылдан бастап.


Keywords: Күнтізбе,
Up