Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

24 қазан. Туған күн иелері

24 October 2021 08:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 24 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




61 жыл бұрын (1960) Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Ешейұлы БӘРПІБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алды.

Мамандығы бойынша еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаскелең қаласындағы ІІБ инспекторы болып бастады. 1987-1990 жылдары – Жамбыл аудандық ІІБ тергеушісі. 1992-1995 жылдары – Жамбыл аудандық сотының судьясы. 1995-1999 жылдары – Жамбыл аудандық сотының төрағасы. 1999-2002 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы. 2002-2003 жылдары – Алматы қалалық соты азаматтық істер бойынша сот алқасының төрағасы. 2003-2007 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы. 2007-2012 жылдары – Алматы қалалық сотының төрағасы. 2012-2013 жылдары – Алматы облыстық сотының төрағасы. 2013-2019 жылдары – Астана қалалық сотының төрағасы. Қазіргі қызметінде 2019 жылғы наурыздан бері.

«Құрмет» ордені (2012), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерейтойлық медальдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған.




57 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы ӨСКЕНБАЕВ дүниеге келген.

КСРО Ішкі істер министрлігінің Қарағанды Жоғары мектебін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Индустрия және сауда, туризм және спорт министрліктерінде басшылық қызметтер атқарды. 2007-2011 жылдары – ҚР Туризм және спорт вице-министрі; 2013-2014 жылдары – Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары; 2014 жылдың тамыз айынан 2016 жылдың мамыр айына дейін – ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары; 2016-2018 жылдары – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры; 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму вице-министрі.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың наурызында кірісті.

«Астана», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай» медальдарымен марапатталған.




53 жыл бұрын (1968) Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Ержан Сапарбекұлы СӘДЕНОВ дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысында туған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (1993); ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін (1998) бітірген.

Еңбек жолы: Ішкі істер органдарында 1993 жылғы шілдеден бастап орта және аға басқарушы құрамның әртүрлі жедел лауазымдарында қызмет атқарған. Басшылық лауазымдардағы тәжірибесі мол. Әр жылдары Риддер, Өскемен қалалары полиция басқармаларының, Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, Маңғыстау облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ Жедел департамент бастығы, Көліктегі Полиция департаментінің бастығы болып қызмет етті. 2016 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

2019 жылғы сәуір айынан бастап – қазіргі қызметінде.




48 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы аппаратының жетекшісі Сәкен Қайырұлы ӘБЖАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1997 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2018 жылы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдаған. 2011 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экномикалық университетінде экономика саласындағы құқықтық реттеу мамандағы бойынша және Корея Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру институты мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясында білім алған.

Еңбек жолы: 1998-2001 жылдары – Қарағанды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының жетекші маманы; 2001-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті бөлімінің бас маманы, бастығы; 2003-2005 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің әлеуметтік саладағы шығындарды жоспарлау департаменті басқармасы бастығының орынбасары; 2005-2006 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті талдау және әдіснама басқармасының бастығы; 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік кеңесінің бас сарапшысы; 2006-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі. 2019 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Үздік мемлекеттік қызметші», «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.




45 жыл бұрын (1976) Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі Азамат Халимеденұлы ӘМІРҒАЛИЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын халықаралық заңгер маманағы бойынша тәмамдаған. Кейін Британдық бизнес мектебінде іскерлік әкімшілендіру магистрі магистрі дәрежесін алады.

Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама және халықаралық құқық департаментінің аға маманы, бас маманы; 1999-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау және халықаралық донорлық көмек үйлестіру мәселелері бойынша басқарманың бөлім басшысы; 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары, Директордың орынбасары, Департамент директоры; 2003-2006 жылдары – азақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары бойынша комитеті төрағасының орынбасары; 2006 жылы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары; 2006-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2009-2011 жылдары – «Альянс Банк» АҚ Корпоративті хатшысы; 2011-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Заң бөлімінің меңгерушісі; 2017-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы аппаратының басшысы; 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы.

2020 жылдың қазанынан бастап қазіргі қызметінде.




43 жыл бұрын (1978) Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Талғат Бақытұлы МҰҚАШЕВ дүниеге келді.

Е.А. Букетов Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолы: 2000 жылы – Қарағанды қаласы прокуратурасының сот қаулыларының және Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокурордың м.а.; 200-2001 жылдары – Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі; 2001-2002 жылдары – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының көмекшісі; 2002 жылы – Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан прокурорының аға көмекшісі; 2002-2004 жылдары – Қарағанды облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры; 2004-2007 жылдары – Қарағанды облысы Абай ауданы прокурорының орынбасары; 2007-2009 жылдары – Қарағанды қаласы Октябрь ауданы прокурорының орынбасары; 2009 жылы – Қарағанды облысы прокуратурасының сотында сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету басқармасының бастығы; 2010-2013 жылдары – Қарағанды облысының прокуратура сотында Мемлекет мүддесін білдіру басқармасының бастығы; 2013-2017 жылдары – Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры; 2017-2020 жылдары – Қарағанды облысы Абай ауданының прокуроры.

2020 жылдың наурызынан бастап қазіргі қызметінде.




35 жыл бұрын (1986) Украина «Нафтогаз» ҰАҚ кен орындарын барлау және өңдеу блогының басшысы Санжар Серікбайұлы ЖАРКЕШОВ дүниеге келген.

Қарағанды облысында туған. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша (1995), Остин қаласы Техас университетін (АҚШ) мұнай-газ инжинирингі мамандығы бойынша (2010) тәмамадаған.

Еңбек жолы: Остин Мұнай және геожүйе инжиниринг орталығында ғылыми қызметкер (2008-2010); Калифорния, Колорадо және Техас штаттары бойынша бұрғылау инженері (АҚШ); Бұрғылау бойынша аға инженер, Ирак; Бұрғылау бойынша бас инженер (Сахалин аралы); ExxonMobile корпорациясының аға жобалаушы инженері, Атырау (2010-2016); Кәсіптік супервайзер бастығы, Merlin ERD компаниясында бұрғылаудың жетекші инженері, Перт (Шотландия) (2016-2018); басқарушы кеңесші, McKinsey and Company компаниясының мұнай саласындағы жаһандық сарапшы, Лондон (Ұлыбритания) (2018-2019). Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі (2019-2020).

Қазіргі лауазымында – 2020 жылдың мамырынан бері.


Keywords: Күнтізбе,
Up