Weather
Нур-Султан +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

22 мамыр. Туған күн иелері

22 May 2022 08:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 22 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР




64 жыл бұрын (1958) «Almaty Management University» (Халықаралық бизнес академиясы) президенті Асылбек Базарбайұлы ҚОЖАХМЕТОВ дүниеге келді.

Көкшетау (қазіргі Ақмола облысы) облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген, Германия, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Венгрия, Эстония елдерінің оқыту орталықтарында менеджмент бойынша арнайы оқудан өтті. Қазақстандық және солтүстікамерикандық журналдарда жарияланған менеджмент пен білімді дамыту бойынша 30-дан астам мақаланың авторы. 1980 жылдан – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика кафедрасының оқытушысы. 1989 жылдан – Қазақ республикалық менеджерлер кооперативтік бірлестігінің «Союз» мектебінің оқытушысы, одан кейін директоры. 1990 жылдан – «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС бас директоры. 1998-2002 жылдары – Халықаралық бизнес академиясының президенті. 2009 жылдан бері «Almaty Management University» (Халықаралық бизнес академиясы) президенті. 2018-2020 жылдары «Қазақстан азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті7 Қазіргі қызметінде – 2014 жылдан бері.




62 жыл бұрын (1960) Қазақстан тарихында генерал шенін алған (2013 жылы) тұңғыш әйел, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Сәуле Мұханбедианқызы АЙТПАЕВА дүниеге келді.

Торғай облысы Жақсы кентінде туған.1977 жылы – Торғай облысы Жақсы аудандық прокуратурасы кеңсесінің меңгерушісі. 1978 жылы – Торғай облысы Жақсы аудандық комсомол комитетінің машинисі. 1979-1983 жылдары – Р.А.Руденко атындағы Свердлов заңтану университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша оқыды. 1983 жылдан – Целиноград облыстық прокуратурасы Ленин аудандық прокуратурасының тәлімгері. 1984 жылдан – Целиноград қаласы Ленин аудандық прокуратурасының тергеушісі. 1985 жылдан – Ақмола облысы прокуратурасының ішкі істер органдарындағы тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі бөлімінің прокуроры. 1988 жылдан – Ақмола облысы прокуратурасы кадрлар жөніндегі прокурордың көмекшісі. 1992 жылдан – Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыру-талдау бөлімінің прокуроры. 1996 жылдан – Целина көлік прокуратурасының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс жөніндегі аға прокуроры. 1997 жылдан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы. 1998 жылдан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары – Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы. 1999 жылдан – ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды. 2001 жылдан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары. 2003 жылдан – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2012-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы. 2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2017-2022), Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі болған. Қазақстан тарихында генерал шенін алған (2013 жылы) алғаш әйел. «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» (2001) атағы бар, «Ерен еңбегі үшін» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» (2011) медальдарымен марапатталған.




58 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Журналистика Академиясының академигі Айдар Әбілмәжінұлы ЖҰМАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Еңбек жолы: Қазақ теледидарының редакторы (1989-1991); Қазақ мемлекеттік университетінің оқытушысы (1991-1993); «Таң» телекомпаниясының Бас редакторы (1993-1995); «Акбар» халықаралық журналистика орталығының президенті (1995-1997); «НТК» телекомпаниясының Бас директоры (1997-2000); Қазақстан телерадио хабарларын таратушылар қауымдастығының президенті, «Мир» МТРК Орталық Қазақстан ұлттық филиалының директоры (09.2003-01.2009); «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратының халықаралық байланыстар жөніндегі өкілі (2009-2010); «Ар Продакшн» студиясының жетекшісі, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі (2011-2012); Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің вице-президенті (09.2013-2018); «Қазконтент» АҚ тәуелсіз директоры.




55 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Лариса Павловна ПАВЛОВЕЦ дүниеге келді.

Торғай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік педиатрия медициналық институтын (1990); ISMA университетін (Латвия), кәсіпкерлік қызмет басқармасын (2018) бітірген. Еңбек қызметі: Целиноград қ. № 1 ауруханасының шала туған балаларға күтім жасау бөлімшесінің ординатор дәрігері (1991-1993); Ақмола қ. № 1 қалалық балалар ауруханасының неонаталдық реанимация бөлімшесінің дәрігері (1994-2005); Астана қ. № 1 қалалық балалар ауруханасының неонаталдық реанимация бөлімінің меңгерушісі (04.2005-05.2005); Астана қ. № 1 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары (2005-2012); Нұр-Сұлтан қаласының № 1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры (2012-2021). Атқаратын лауазымында – 2021 жылғы қаңтардан бастап. «Медицина саласындағы еңбегі үшін» орденімен, «Шапағат», «Почерк медицины Казахстана», «Белсенді қызметі үшін», «Астана 20 жыл» медальдарымен, «Отличник здравоохранения», «Қазақстан медицинасындағы қолтаңбасы үшін» төсбелгілерімен марапатталған және ведомстволық марапаттар алған.


Keywords: Күнтізбе,
Up