Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылы кез келген мемлекеттік қызмет бес минуттың ішінде көрсетілуі тиіс - министр

23 November 2021 01:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы Қазақстанда кез келген мемлекеттік қызмет 5 минут аясында көрсетілуі тиіс. Бұл жоспармен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі күні мемлекеттік басқару жүйесі өзгерді. Бұрын тұтас мемлекеттік бағдарлама болса, қазір нақтыланған ұлттық жоспар бар. Ұлттық жобаның маған ұнайтын тұсы – нақтылық. Біздің саламызға келсек, «5 минуттың ішіндегі қызмет». 2025 жылы мемлекеттік қызмет смартфон арқылы 5 минуттың ішінде көрсетілуі тиіс. Яғни, үйде отырып ұялы телефон арқылы кез келген қызметті алу мүмкіндігін жасаймыз», - деді Бағдат Мусин Хабар телеарнасында өткен «Национальный интерес» телебағдарламасының эфирінде.

Сондай-ақ, министр мемлекеттік қызмет көрсету саласын автоматтандыру және цифрландыру салдарынан көптеген мамандар жұмыссыз қалмай ма деген қауіпке қатысты пікір білдірді.

«Қызмет көрсетуді жаңа платформаға көшіру екіжақты қарама-қайшылыққа әкелуі мүмкін. Бірінші қарама-қайшылық мемлекеттік аппаратқа қатысты, екіншісі - ІТ қауымдастық. Дегенмен 5 жылдың ішінде мемлекеттік қызмет функциясы цифрландыруға көшіп, сәйкесінше мемлекеттік бюджет қалтасына түсетін салмақ азаяды», - дейді ол.

Бұған дейін Б. Мусин бала дүниеге келе салып автоматты түрде балабақша кезегіне қойылатынын хабардар етті.


Up