Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді

3 December 2021 13:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылы білім гранттарының саны 75 мыңға жетеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер мемлекеттік тапсырыс жайында айтар болсақ, Конституцияда конкурс арқылы жоғары білім алу құқығы бекітілген. Тек соңғы 3 жылда ғана жоғары білім алуға арналған гранттардың саны 2 есеге ұлғайды десек болады. Қазіргі уақытта гранттардың саны 56 мыңға жетіп отыр», - деді министр ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында.

Оның атап өтуінше, Nur Otan партиясының бекітілген бағдарламасында гранттар санын тағы ұлғайту көзделген.

«Қазіргі уақытта Nur Otan партиясының бекітілген бағдарламасы бар және 2025 жылы гранттарын санын тағы арттыру көзделген. 75 мыңға жуық грантқа жететін болады. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Шәкіртақыға қатысты айтар болса, соңғы үш жылда оның көлемі де екі есеге артты», - деді Асхат Аймағамбетов.


Up