Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

16 қыркүйек. Күн райына болжам

16 September 2021 05:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 16 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Циклон жырасының әсерінен ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, найзағай бақыланады. Қалған аумақта антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысынада және оңтүстігінде жел, солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, тұман күтіледі, түнде оңтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында 2 градус үсік сақталады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстік-батысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Ақмола облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Up