Weather
Astana +7 °С
Almaty +14 °С
Exchange rates
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

12 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

11 June 2021 21:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.45-те ЭКСПО-дағы «Нұр әлем» сферасында Президенттік жастар кадрлық резервінің форумы өтеді.

10.00-де елорда әкімдігінің бастамасымен Әзірбайжан Мәмбетов көшесінде (Абай даңғылынан Кенесары даңғылына дейін) жаяу серуендеуге ыңғайлы Demalys Promenade көшесі ашылады.

11.00-де Абай даңғылы мен Ә.Сембинов көшесінің қиылысында орналасқан Қаламгерлер аллеясында «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасының ашылуы өтеді. Шараға ақын, әдебиеттанушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы қатысады.

20.00-де Орталық қалалық саябақтың амфитеатрында «Астана Опера» МОБТ-ның «Жылдың сегіз мезгілі» (А.Вивальди, А. Пьяццолла) концерті өтеді.



Up