今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жыл басынан Қазақстанда қандай көліктер көп сатылды

18 十月 2021 16:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан Қазақстанда ресми дилерлер 86 мыңнан астам автомобиль өткізді. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп»ЗТБ басқарма төрағасының орынбасары Артур Мискарян Telegram каналында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен айда қазақстандықтар автосалондарда 10 517 техника (жеңіл автокөлік, автобус, жүк көлігі, арнайы техника) сатып алды. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы қыркүйек айына қарағанда 12 пайызға артық. Әлемдік автокөлік нарығындағы ұсыныс тапшылығы көлік бағасына, ал логистикалық проблемалар - өндірушілер мен дилерлердің міндеттемесін уақытылы орындалмауына әсер етіп отыр. Көлікті жеткізу мерзімі марка, модель және автокөліктің комплектациясына қатысты құбылып тұрады. Орташа алғанда, клиент пен автосалон арасында шартқа қол қойғаннан бастап, көлікті табыстағанға дейін 3-тен 6 айға дейін уақыт керек», - дейді А. Мискарян.

Қыркүйек айындағы ТОП-5 бренд: Chevrolet – 2 338 көлік, Hyundai – 1 947, Toyota – 1 214, KIA – 855, сондай-ақ LADA-ның 823 көлігі сатылды.

«LADA-ны қоспағанда, алғашқы бестіктегі брендтердің сатылымы негізінен тұрақты болып тұр. Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда LADA көліктерінің сатылымы 61 пайызға төмендеді», - деді ол. Биылғы 9 айдағы ТОП-5 брендтің қатарына: Chevrolet, (22 383 көлік), Hyundai (17 576), Toyota (10 404), KIA (6 993), LADA (5 660 көлік) енді. «Жыл басынан бері ресми дилерлер жалпы 86,5 мың автомобиль өткізіп, осы арқылы нарық 36 пайызға өсті. Қазіргі тапшылық пен баға өсіміне қарамастан, сұраныс тұрақты болып тұр», - деп атап өтті А. Мискарян.


回到顶部