今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Желтоқсан айында Қазақстанда ауа райы қандай болады

30 十一月 2021 21:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Желтоқсан айында ауа температурасы ҚР оңтүстік жартысында норма шамасында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстік жартысы мен батысында ауа температурасы нормадан 1° жоғары.

Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, еліміздің шығыс жартысында және қиыр солтүстік-батысында нормадан көп деп болжанып отыр.

Айдың басында Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс циклонымен байланысты атмосфералық фронттар тұрақсыз ауа райын анықтайды.

Алдымен батыста, содан кейін ҚР қалған аумағына ықпалын тигізеді.

Жауын-шашын жауады, көбіне қар түрінде, оңтүстік аймақтарда жаңбыр соңы қарға ұласады.

Айдың ортасында елдің оңтүстік-шығыс жартысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын жауады.

Сондай-ақ тұрақсыз ауа-райы желдің күшеюі 15-23 м/с, боран, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады.

Желтоқсанның алғашқы күндерінде еліміздің басым бөлігіндегі тұрғындарды жылы ауа райы қуантады:

солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, күндіз -3-8°С-тан -5+5°С-қа дейін жоғарылайды;

республикамыздың оңтүстігінде түнде -2+8°С дейін, күндіз +10+18°С дейін.

Батыс өңірлерде, керісінше, ауа температурасы түнде 0,-8°С, күндіз 0,+7°С-қа дейін төмендейді деп күтілуде.

Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап Баренц теңізі аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның басып кіруімен ауа температурасының төмендеуі болжанады:

батыста, солтүстік-батыста түнде -7-15°С-қа дейін, күндіз -5-11°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -18-26°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін;

оңтүстік-батыста түнде 0,-5°С-қа дейін, күндіз +2+7°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5-13°С-қа дейін,күндіз 0,-5°С-қа дейін;

Бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің басында Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы аудандардан жылы ауа массаларының кезекті шығарылуымен аяз әлсірейді.

Республиканың солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында желтоқсанның үшінші онкүндігінде түнде -27-35°С-қа дейін, күндіз -18-25°С-қа дейін қарқынды суық толқындары қайтады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -5-15°С-тан 0,-5°С-қа дейін, күндіз 0,-10°С-тан 0,+5°С-қа дейін ауытқиды деп болжанады.

Айдың ортасында оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардың тұрғындарын жылы ауа райы күтеді.

Күндізгі ауа температурасы +10°С-қа дейін болжанады.

Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде қарлы боран мен жел ҚР солтүстік жартысында және тау бөктерінде күшейеді.


回到顶部