今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жастарға кәсіпкерлікті қолдауға берілетін қайтарымсыз грант сомасы екі есе өсті

20 五月 2022 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орынын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында 4 жыл ішінде 160 мыңнан аса жас азамат «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобаларымен 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантпен қамтылатын болады. Екіншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастар практикасына қатысу мерзімі 6 айдан 12 айға дейін, ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, оған қатысатындардың субсидияланатын жалақы мөлшері 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды», - деді Е. Тоғжанов.

Сонымен қатар ол жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға берілетін жыл сайынғы өтеусіз 10 мың грант көлемі 600 мың теңгеден 1,2 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын айтты.

«Бағдарлама аясында 2025 жылға дейін 2 млн жаңа жұмыс орыннын құру көзделген. Бұл жобаларды іске асыру кезінде жастар да жұмысқа тартылатын болады. Атап айтсақ, жыл басынан бері осындай инвестициялық жобалар аясында жұмыспен қамтылған 100 мың адамның арасында жастардың үлесі 44 мың болды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы М. Әшімбаев барлық реформаның түпкі мақсаты да жастардың әл-ауқатын арттыруға әрі олардың дамуына жағдай жасауға арналғанын атап өтті .

Сонымен қатар ол университет бітірген түлектерге еңбек нарығында сұраныс жоқ екенін айтты.

Сенатор Нұртөре Жүсіп елдегі ЖОО мен колледждерді бітірген, бір емес, қолдарында бірнеше дипломы бар жастар еңбек нарығының сұранысын қанағаттандыра алмай отырғанын жеткізді.


回到顶部