今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңбыр, қар: 9 өңірде ескерту жарияланды

18 一月 2022 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 19 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының орталығында және шығысында тұман болжанады.

19 қаңтар күні таңертең және күндіз Түркістан облысының батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында, 20 қаңтарда түнде таулы аумақта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші таңертең және күндіз 23-28 м/с артады.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман сақталады, күндіз облыстың оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстік жартысында күші 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман болжанады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.


回到顶部