今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жаңбыр, бұршақ, дауыл – 12 өңірде ескерту жарияланды

26 五月 2022 20:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 27 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы облысында жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болжанады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, күндіз өңірдің шығысында желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жарма ауданында, Семей қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғады. Өңірдің солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болады. Желдің екпіні 25 м/с жетуі ықтимал.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз өңірдің солтүстік-батысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында найзағай, орталығында шаңды дауыл күтіледі. 15-20 м/с күшпен жел соғады. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз өңірдің оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 35 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 27 мамырда, тәулік бойы 28 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ екі күн өңірдің оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.


回到顶部