今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жаңа қаулы: Алматыда 2 тамыздан бастап қандай кәсіпорындардың жұмысына рұқсат беріледі

30 七月 2021 19:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің қаулысымен 2-16 тамыз аралығында енгізілетін карантиннің талаптары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыда Ashyq жобасына қатыспаса да, 2 тамыздан бастап жұмысына рұқсат берілетін қоғам тіршілігімен тығыз байланысты ұйымдар мен кәсіпорындардың санаты берілген.

Олар:

- құрылыс жұмыстары;

- өнеркәсіптік кәсіпорындар;

- жанаспайтын қызмет көрсету ( көлік жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілт жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызмет көрсету және т.б.);

- гүл дүкендері, фотосалондар;

- туристік компаниялар, бизнес орталықтар, сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т.б.;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің тек алып шығуға және жеткізуге арналған қызметі.

Құжаттың тағы бір тармағында 2-16 тамыз аралығында осы аталған санаттарға жатпайтын және Ashyq жобасына қатыспайтын мекемелердің жұмысы тоқтатылатыны айтылған.

Ал Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмысы тек демалыс күндері тоқтатылады.

«Ойын-сауық, спорттық және өзге де бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), офистердің, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың вакцина алмаған және коронавируспен ауырғанына 3 ай толмаған қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимін сақтасын», - деп жазылған қаулыда.

Құжат 2 тамыздан бастап күшіне енеді. Оның толық мазмұнын мына сілтемеден көруге болады.


回到顶部