今日天气
阿斯塔纳 -21 °С
阿拉木图 -7 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Заңсыз айналымнан 10 миллионнан астам бума дәрі-дәрмек тәркіленді

20 十月 2020 15:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық қорғау органдары COVID-2019 пандемиясы кезінде дәрі-дәрмектерді алып-сатудың және заңсыз айналымға түсірудің жолын кесу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дәріханаларда медикаменттерді қымбат бағада сатуға қатысты 1 мыңға жуық дерек тіркелді. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы дәріханалардың бірінде «Арбидол» дәрісінің бағасы шекті деңгейден екі есе жоғарылатылып, бекітілген 2312 теңгенің орнына 5000 теңгеден сатылған.

Сонымен қатар дәріханалардан тыс жерлерде қауіпсіздік лицензиялары мен сертификаттары жоқ дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды заңсыз сатуға қатысты 300-ден астам жағдай анықталды. Соның ішінде, Жамбыл облысында дәрі-дәрмектерге жалған қауіпсіздік сертификаты жасалған және фармацевтикалық қызметке лицензиясы жоқ құны 44 миллион теңге болатын Қырғызстаннан әкелінген 82 препарат түрін сатуға тосқауыл қойылды.

Жалпы заңсыз айналымнан құны 230 миллион теңгеден асатын 10 миллион бума дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар тәркіленді. Анықталған заң бұзушылық деректер бойынша 3 сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және 1183 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектердің бөлшек саудадағы шекті бағасын қою үшін олардың тізімін толықтыру мәселесін пысықтауда.

Сонымен қатар медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу кезінде болатын заң бұзушылықтарды анықтауға қатысты кешенді шаралар жалғасуда.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстық істердің тергелуі Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қатаң бақылауында.

回到顶部