今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Үндістан экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жетті - Қасым-Жомарт Тоқаев

27 一月 2022 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Үндістан» саммитінде Үндістанның экономикалық жетістіктері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті Орталық Азия мен Үндістан лидерлерінің саммитін өткізу туралы уақытылы әрі табысты бастамасы үшін Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге алғысын айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз сөзінде барша Үндістан халқын кеше атап өтілген Республика күнімен құттықтады.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан өзінің егемендігі жылдарында экономикалық дамуда елеулі жетістіктерге жеткенін атап өтті.

«Осы саммиттің біздің елдер арасында дипломатиялық қатыныстардың орнауына 30 жыл толған мерзімде өтіп жатқаны символдық мәнге ие», - деді Қазақстан Президенті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды.



回到顶部