今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Украинадағы жағдай Ұлыбританиядағы бағаның өсуіне әсер етуде

23 五月 2022 19:17

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Ұлыбритания бағаның күрт өсуіне дайын емес. Британдық «The Independent» газетіне берген сұхбатында Ұлыбритания үкіметі жанындағы консультативтік органның басшысы Йан Райт осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қара теңіз порттарындағы жағдай Украинада 25 миллион тонна астықтың шығарылмай қалуына әсер етуде. Бұл ең кедей елдердегі аштық қаупін төндіреді, бірақ азық - түлік импортына тәуелді Ұлыбритания үшін де ауыр зардаптар әкелуі мүмкін», - деп жазады британдық газет.

Атап айтсақ тағамдық өсімдік майы қазірдің өзінде шектеулі түрде жеткізіледі. Тыңайтқыштар мен мал азығы бағасының қымбаттауы отандық өндіріске кері әсерін тигізуде.
Британдық қайырымдылық ұйымдары мен мемлекеттік қаржыландыруы жоқ қоғамдық топтар жинаған азық-түлік қоры таусылып қалады деген қорқыныш бар.
Бұл дағдарыс сейсенбіде Ұлыбританияның Азық-түлік және сусындар кеңесі (FDSC) шұғыл отырысында талқыланады. Онда сала өкілдері азық-түлік бағасының өсуіне байланысты қалыптасқан қиын жағдайларды жеңу шараларын қарастырады.
«Менің ойымша, үкімет мұның барлығының салдарын толық түсінген жоқ. Бағаның айтарлықтай өсуіне және азық-түлік тапшылығына байланысты жағдай өте қорқынышты болуы мүмкін», -деді Ұлыбритания үкіметі жанындағы консультативтік органның басшысы Йан Райт.


回到顶部