今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда жер сілкінді

30 十一月 2021 12:36

АНКАРА. Анадолы-ҚазАқпарат – Түркияның батысындағы Измир провинциясы Урла ауданының жағалауында 5,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) ақпаратына сәйкес, жер асты дүмпулері сағат 07:00-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Урла ауданынан 56,18 шақырым жерде, Эгей теңізінде орналасқан.

Дүмпу ошағы теңіздің бетінен 3,97 километр тереңдікте жатыр.

9 минут өткенен кейін, сағат 07:09-да Измир жағаларында теңіз бетінен 7,16 километр тереңдікте 4,3 балдық тағы бір жер сілкінісі тіркелді.


回到顶部