今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркияда өртенген үйлердің барлығы қайта салынады

1 八月 2021 13:56

АНКАРА. ANADOLU – ҚазАқпарат – Түркияның өңірлерінде орман өрттерінен келген шығын бойынша шұғыл шараларға бастапқы кезеңде 50 млн түрік лирасы (шамамен 6 млн доллар) бөлінді.

Бұл туралы Президент Режеп Тайып Ердоған сенбіде Анталия провинциясындағы орман өрттері аймағын тексеру қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«Әрбір зардап шегуші мемлекеттен көмек алады. Шығын толық көлемде өтеледі, салық төлемдері кейінге қалдырылады. Бір жыл ішінде апат аймағындағы барлық өртенген тұрғын үйлер қайта салынады. Құрылыс өңірлердің сәулет ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілетін болады», - деді Ердоған.

Президент сондай-ақ өрттен зардап шеккендерге үйлерді жалға беру үшін қаражат бөлінетінін айтты. Мемлекет фермерлерге, мал өсірушілерге және жылыжай иелеріне келтірілген залалды өтейді.

Орман өрті аймағындағы 35 ауылды электр энергиясымен жабдықтау қалпына келтірілді. Сақтық шарасы ретінде 12 елді мекен электр қуатынан уақытша ажыратылды.

Ел президенті 31 шілде күні кешкі уақыттағы жағдай бойынша орман өрттерінің көптеген ошақтары оқшауланып, сөндірілгенін атап өтті.

«Соңғы үш күнде ортман өрттерін сөндіруге 4 мың адам тартылды. Апат аймағында 6 ұшақ, 45 тікұшақ, 1 ұшқышсыз тікұшақ, 9 ұшқышсыз ұшу аппараты, 117 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті Ердоған.

Ердоған Украина, Ресей, Әзербайжан және Иран елдері Түркияға көмекке ұшақтар жібергенін еске салды.

«Өрттен зардап шеккен барлық орман алқабы қалпына келтіріледі. Жаңбырлы маусым басталған кезде жаңа ағаштар отырғызыла бастайды», - деді Ердоған.

Еске сала кетейік, Түркияда бірнеше күннен бері орман өрттері өршуде.

Өрт сөндіру қызметтерінің күшімен Түркиядағы 98 орман өртінің 88-і оқшауланды. Бұған дейін Түркияда өрт кезінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ екендігі хабарланған болатын.


回到顶部