今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістанда депутат екенін айтып, кафеде жанжал шығарған адамның кім екені анықталды

18 十月 2021 16:58

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістанда дәмханада тапсырысты төлеуден бас тартып, жанжал шығарған адам бұрынғы депутат болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің таратқан дерегіне сенсек, 17 қазан күні түнгі сағат 1.00 шамасында көңіл көтеру орнының қызметкерлері Түркістан полициясының 102 пультіне хабарласып, көмек сұраған.

Бірден оқиға орнына полиция жасағы шықты. Келген бойда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғын ер адамның төлем жасаудан бас тартып, жанжал шығарғанын анықтады.

Құқық бұзушы, яғни ер азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жайтымен әкімшілік іс қозғалды.

Жиналған материалдар сотқа жіберіледі.

Сондай-ақ ер адамның бұрын қалалық мәслихаттың депутаты болғаны және биылғы жылдың наурыз айында өкілеттігін тоқтатқаны анықталды.


回到顶部