今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістанда дәрілік шөп қазып жүрген 23 өзбек азаматы ұсталды

23 五月 2022 10:07

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Арыс ауданының тәртіп сақшылары далалы жерде өсетін, емдік қасиеті өте жоғары дәрілік кеурек (ферула) шөбінің сөлін қазып, заңсыз жұмыс істеп жүрген 23 өзбекстандық азаматты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, олар далалы алқапқа шатыр тігіп, кеурек қазып жүрген.

«23 азамат ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша жауапқа тартылып, ел аумағынан аластатылды. Ал жұмыс беруші Қазақстан азаматына 519-бап (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ел заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды», - деп жазды ведомстводан.











回到顶部