今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

23 五月 2022 11:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды. Тауға серуендеп шыққандар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тауда адасып қалғандар туралы ақпарат кеше түнгі сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен.

Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болған. Содан қайта оралмапты.







Демалушыларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.

«Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Өздерінің айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді» делінген облыстық ТЖД хабарламасында.











回到顶部