今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Түркістан облысында карантин кезінде той жасаған 25 тойхана бір айға жабылды

29 七月 2021 21:53

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында карантин режимін бұзған 25 тойхананың жұмысы сот шешімімен 1 айға тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан-қалалардағы мобильді топтар шектеу шараларына мойынсұнбаған тұлғаларға 3 500-ге жуық хаттама толтырып, 200 млн теңге көлемінде айыппұл салды.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді.

Оның сөзінше, өткен тәулікте короновирус індетін жұқтырған 132 жағдай тіркеліп, аурудың өсу деңгейі 2,3 пайызды құраған.

«Соңғы екі аптада ауру көрсеткіші 2,5 есеге артты. Жыл басынан бері өңірде 5 754 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 12-сі қайтыс болды. Індетті жұқтырғандардың басым бөлігі вакцина алмағандар екені белгілі болып отыр. Сондықтан барлық азаматтарды вакцина алуға шақырамыз», – деді Б.Елемесов.

Сондай-ақ, спикер үй карантиніне жатқызылған азаматтардың арасында жауапкершілікті сезінбей қоғамға қауіп төндіріп жүргендерінің бар екенін айтты.

Яғни, «Ashyq» қосымшасы арқылы коронавирус індетін жұқтырған 29 науқас белгілі болып, оларға әкімшілік шара қолданылған.








回到顶部