今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Зарина Дияс Люксембургта Токио Олимпиадасының чемпионына жол берді

16 九月 2021 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Люксембург WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.

Қарсыластардың бұған дейін үш мәрте жолдары тоқайласып, соның екеуінде швейцариялық теннисші жеңген болатын. Токиода Б.Бенчич сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны жартылай финалда қапы қалдырған еді.

Бұл жолы Б.Бенчич бірінші партияда үш брейк жасап, еш жеңістік берген жоқ – 6:1.

Екінші сетте З.Дияс брейк жасап, 2:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады. Ақыры Б.Бенчич матчты жеңіспен түйіндей білді – 6:3.

Бір сағатқа созылған бәсекеде теннисшілер бір-бірден эйс жасады. Есесіне швейцариялық спортшы 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланса, Зарина бір ғана брейкпен шектелді.

Б.Бенчич жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың жартылай финалына шығу үшін рейтингте 48-сатыдағы ресейлік Людмила Самсоновамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Люксембург турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың ширек финалына өтті.


作者 Елжан Ералы
关键词: Спорт,
回到顶部