今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Теннис: Қазақстандық қыздар Азия біріншілігінің чемпионы атанды

26 十一月 2021 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан қыздар құрамасы «Дәулет» теннис орталығында 12 жасқа дейінгілер арасында мәреге жеткен Азия командалық біріншілігінің (ITF Asian 12&Under Team Championships 2021) чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Мәдина Рахимнің шәкірттері финалда Үндістан құрамасын 2:0 есебімен ұтты.

Алдымен Эвелина Балаганская кортқа шықты. Бірінші партияда қарсыласына 2:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін жинала білді – 6:2, 7:5.

Екінші кездесуде Ева Корышева матчты қарқынды бастап, бірінші сетте есепті 4:0-ге жеткізді. Келесі геймде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Қазақстан құрамасының капитаны Мәдина Рахим шәкірттерінің жеңіс үшін бар күштерін жұмсағанын жеткізді.

Өкінішке қарай, қазақстандық ұлдар финалда Пәкстан командасынан жеңіліп қалды. Шешуші бәсекеде жұптық сында Мадияр Тағыбеков пен Ярослав Пшеничный супер тай-брейкте ұтылды – 4:6, 7:6 (7:5), 10:12.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Дубайдағы турнирдің жартылай финалына финалына өткенін, қазақстандықтардың Азия командалық біріншілігінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.














作者 Елжан Ералы
关键词: Спорт,
回到顶部