今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Теңіз кен орнында 500 адам коронавирустан емделіп жатыр

22 一月 2022 04:00

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырып, жағдайы нашарлаған 15 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атыраудағы Теңіз кен орнында санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырғанын жазған едік. Қазір Атырау облысында 4 448 адам коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр.

Кеше мұнайлы өңірде қауіпті вирусты жұқтырған 556 науқас анықталды. Ал, Теңіз кен орнының 40 жұмысшысынан коронавирус инфекциясының белгісі табылды. Қазір аталған кен орнындағы инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастардың саны 500 адамға жетті.

«Өңірдегі 2 360 орындық инфекциялық стационарларда 832 науқас ем қабылдау үшін оқшауланды. Мұндағы жүктеме – 35,2%. Стационарлардағы 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр 15 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 14,1%», -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық дәрігер Омикрон штамы мутацияға ұшырап, тез өзгеретіні туралы пікір білдірген болатын.


回到顶部