今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда автокөліктегі жолаушыдан тапанша табылды

26 十月 2021 07:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғыннан тапанша тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен түнгі патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған автокөлік тоқтатылған.

Автокөліктегі жолаушының қалтасынан атыс қаруы көрінген.

Тексеріс барысында жолаушыдан «Макаров» маркалы атыс тапаншасы тәркіленді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала тұрғынының аталған тапаншаны ұстауға рұқсат құжаттары және тапаншаға арналған арнайы тағылатын қақпасы болмаған.

Автокөлік иесі мен жолаушы Тараз қаласының полиция басқармасына жеткізілді. Оларға қатысты процесуалдық шешім қабылданады.

回到顶部