今日天气
阿斯塔纳 31 °С
阿拉木图 35 °С
今日坚戈汇率
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Тапшы дәрілердің тағы бір партиясы елордаға ұшақпен жеткізілді

14 七月 2020 00:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласына тағы бір жүк ұшағымен коронавирус, пневмония және басқа да бірқатар ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмек келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, бұл тауарлар – гуманитарлық көмек емес.

«Оларды дәріхана желілерінің дистрибьюторлары сатып алған. Үкімет пен Нұр-Сұлтан әкімдігі логистика мәселелері бойынша, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді сатып алу және оларды жеткізу процедураларын жеңілдетуде қолдау көрсетуде. Сонымен қатар елорда әкімдігі препараттарды сатып алу үшін дистрибьюторларға айналым қаражатын бөлетін болады», - делінген ақпаратта.





12 шілде күні астанаға ұшақпен дәрі-дәрмектің 350-ге жуық түрі жеткізілген болатын. Бұл жолы қосымша 16 тонна препарат жеткізілді. Бұл – 400-ге жуық дәрі-дәрмек түрінің 600 мыңнан астам қаптамасы. Атап айтқанда, ксарелто, парацетамол, офлоксацин, ибупрофен, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, ибуфен және т.б.
«Қазір «Феникс», «Гиппократ», «Цветная», «Максима Фарм», «Частная», «Медилаб», «Салауат», «А-Фарма» және өзге де ірі дәріхана желілерін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Елорда дәріханаларына препараттарды жеткізу тұрақты түрде жүргізілетін болады», - деді әкімдіктен.






回到顶部