今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО төтенше жағдай бола қалса, 1300-ге жуық маманды арнайы техникамен жібере алады

22 九月 2021 10:05

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі күнге шақталған «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиевтің басшылығымен, облыстық қызметтер, азаматтық қорғау құрылымдарының қатысуымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «Жер-2021» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуы республика аумағында 21-22 қыркүйек өтіп жатыр. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда өтіп жатқан жиында жойқын жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайды жою кезінде азаматтық қорғау органдары мен күштерінің іс-қимылдары пысықталады.




Осы түрдегі ауқымды төтенше жағдайда елдің әр өңірі авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізуге, табиғи катаклизмнің салдарын жедел жоюға күш-құралдарды жедел жібереді. Солтүстік Қазақстан облысы қажет болған жағдайда құрамында 230 арнайы техника және жеке құрамның 1252 адамы бар 74 құрылымды теміржолмен және автомобиль көлігімен жібере алады. Облыстың күш-құралдары жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта 14 тәулік бойы автономды режимде жұмыс істеу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген. Жанар-жағармай, тамақ өнімдері, бірінші кезекте қажетті заттармен қамтылып, техниканы өз күшімен жөндеу жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.







Оқу-жаттығу аясында шұғыл ден қою жиынтық жасағын және шатырлы лагерьді, зардап шеккендерді қабылдау пунктін құру, жер сілкінісі ауданына автоколоннаны жылжыту және теміржол платформаларына инженерлік техниканы тиеу бойынша бес практикалық іс-шара пысықталды.

«Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың, СҚО төтенше жағдай департаментінің, шаруашылық жүргізу нысандары мен құрылымдарының жедел міндеттерді шешудегі, жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарына күш-құралдарды дайындау және жөнелту жұмысының үйлесімділігі мен тиімділігіне баға беріледі», - дейді департамент бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

















回到顶部