今日天气
阿斯塔纳 -15 °С
阿拉木图 -14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да заңсыз қоқыс полигонын реттеуге 17 млн теңге бөлінді

26 十一月 2020 22:54

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылының маңында заңсыз пайда болған үлкен қоқыс полигонын ретке келтіруге бюджеттен 17 млн теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша Экология департаментінің мәліметінше, Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы маңындағы қоқыс полигоны заңсыз ашылған. Оны жою үшін немесе тәртіпке келтіру үшін Бескөл ауылдық әкімдігіне бірнеше рет тексерулер ұйымдастырылды. Экологиялық талаптарды бұзуға жол берген лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке де тартылды. Олқылықты жоюға ұйғарым берілді. Ал аудандық әкімдікке қоқыс орнын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай ретке келтіруге хат жолданды.




Қызылжар аудандық әкімдігінің жауабында қазіргі уақытта қоқыс төгілген аумақтың ресімделіп жатқандығы айтылған. Яғни қатты қалдықтар полигонын тәртіпке келтіруге және бақылау орнату үшін биыл Қызылжар аудандық әкімдігінің бюджетінен 6 млн 800 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ қосымша төртінші тоқсанда 10 млн 735 мың теңге қаржы бөлу жоспарланған. Оның 735 мыңы полигонды қоршауға, 10 млн теңгесі қоқысты үйіп жинауға жұмсалады.

Экологтар бұл мәселені үнемі назарда ұстамақ.


回到顶部