今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да мереке қарсаңында милиция ардагерінің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

19 六月 2021 09:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында Ұлы Отан соғысы ардагері, КСРО ІІМ құрметті ардагері, милиция подполковнигі Иван Бондаренкоға мемориалдық тақта ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданында өткен салтанатты іс-шараға полиция департаменті, аудан басшылығы, жеке құрам, ішкі істер органдарының ардагерлері және ардагердің туысқандары қатысты.








Иван Бондаренко майданға 1944 жылы аттанған. 3-ші Беларусь майданының 132-ші шекара полкінің құрамында соғысқан. Екінші дүниежүзілік соғыстың екінші дәрежелі орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенинигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Майданнан елге 1950 жылы оралған, сол кезден бастап милицияда қызмет етті. Аудандық полиция бөлімін басқарды. Бұдан жоғары лауазымдардан туған ауданына пайдасын тигізу үшін бас тартқан екен.





«Бір күні оның үйіне қаруланған адамдар келді. Олар Иван Даниловичтен қылмыстық істің тоқтатылуын талап етті. Принципке берік адам болғандықтан, ол «жоқ» деп жауап берді. Іс басталып аяқталды...» - дейді ардагер туралы облыстық мәслихаттың депутаты Ольга Клишина.

Зейнет демалысына шыққан соң Иван Данилович жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізді.

«Ішкі істер органдарының құрметті қызметкерлерінің есімдерімен көшелерді атап, мемориалдық тақталарды ашу игі дәстүрге айналды. Бүгінгі іс-шара - парызға, Антқа, Отанға, таңдаған мамандығына деген адалдықтың үлгісі атануға лайық адамдар туралы естеліктерді мәңгілік сақтау үшін жасалған қадам», - деді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.











回到顶部