今日天气
Нур-Султан +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

17 一月 2022 15:08

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 101 адам коронавирус жұқтырды, инфекциялық стационарларда 229 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

15 қаңтар «жасыл» аймақта болған өңір бүгін «қызыл» аймаққа өтті.

Ауырғандар саны шамамен төрт есе артып, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 101 жағдайы тіркелді.

Қазір инфекциялық стационарларда 229 адам ем алып жатыр. Емдеу мекемелері 18 %-ға толған. 21 адам жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған.

СҚО-да жалпы ауырғандар саны 35 388 адамға жетіп отыр. Оның 32 936-сы тәуір болды.

Қайтыс болғандар саны да күннен-күнге артып келеді, өткен тәулікте бір адам көз жұмып, 455 адамға жетті.

Естеріңізге салайық, 15 қаңтардан бастап СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.

Бүгін өңірдің бірқатар мектебі қашықтан оқыту форматына көшкен.


回到顶部