今日天气
阿斯塔纳 +7 °С
阿拉木图 +14 °С
今日坚戈汇率
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да екі аптада коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе артты

22 十月 2021 13:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада коронавирусты 2 мың адам жұқтырып, аурушаңдық 1,7 есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуынша, соңғы 2 аптада оның алдындағы ұқсас кезеңмен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 1,7 есе артқан, яғни 1 167-ден 1 999-ға көбейген. Өңірдің барлық аудандарында өсім бар.

«Репродуктивтік сан 1-ден асты, соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 189,8-ді құрады, бұл Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес ел бойынша ең жоғары көрсеткіш болып отыр, облыс 2 қазаннан бастап «қызыл» аймақта орналасқан. Егер апталық сырқаттанушылық көрсеткіші 200-ден асса, онда біз «қара-қызыл» аймаққа көшеміз және барлық кәсіпорындардың қызметін тоқтатуға тура келеді», - дейді Әсет Жұматаев.

Облыстың бас санитар дәрігерінің пікірінше, вакцинация қарқынының төмендеуі, тұрғындардың сақтық шараларын елемеуі, әсіресе салтанатты іс-шараларды өткізуді тыймау аурудың көбеюіне әкелді.

«Облыста бірінші компонентпен 248 299 адам егілді, тәулігіне 330-нан екпе алады. 230 928 тұрғын екінші компонентпен егілді, тәуліктік қамту – 469. Бұл – аз. Ойын-той да тыйылатын емес. Маска режимін сақтамайтындар бар. Қазан айында 23 мониторингтік топ 680 нысанды қамти отырып, 120 рейд жүргізді. 15 тұлға жауапқа тартылып, 948 мың теңге айыппұл салынды. Ashyq жобасы арқылы үй карантині талаптарын бұзушыларға 3 млн теңгеден астам сомаға 93 айыппұл салынды. Бұқаралық ақпарат құралдарында әкімшілік айыппұлдарды төлеген 88 шектеу іс-шараларын бұзушының есімі жарияланды», - дейді Әсет Жұматаев.


回到顶部